Жеңіл атлетика • 11 Шілде, 2018

Қармақшыдан шыққан желаяқ

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирландияның Дуб­­лин қаласында мүм­кін­дігі шектеулі аза­маттар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 

Қармақшыдан шыққан желаяқ

Әлемдік додаға Қы­зылорда облысы, Қар­мақшы ауданынан Мақшат Мейіржан қаты­сып жүлдемен орал­ды. 23 жасқа дейін­гі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатында Мақшат Мейіржан жү­гі­руден 800 м қашық­тықтан чемпион атанса, сонымен бірге 200 м қашықтықтан жүлделі ІІ орынды иеленді. Осы кезеңге дейін де Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстарға қатысып жүлдемен оралған болатын.

«Егемен-ақпарат»